spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau

Астрахан ауданының қобызшылары Гүлнәфіс Баязитованың 105 жылдығына арналған байқауда жеңіске жетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның халық әртісі Гүлнәфіс Баязитованың 105 жылдығына арналған «Ғасырлардан жеткен үн» облыстық қобызшылар байқауының жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды Ақмола облысының мәдениет басқармасы.

Байқауға Ақмола облысының қалалары мен аудандарынан үздік қобызшылары қатысты. Өнер байқауының қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды:

Ұйымдастыру алқасының диплом және естелік сыйлықпен Айнакөз Нұрташ – Зеренді ауданы, Рабиға Стыбаева – Аршалы ауданы, Сабина Жалмағанбетова – Ерейментау ауданы, Аружан Тимур – Көкшетау қаласы, «Ақ-бұлақ» қобызшылар ансамблі – Ерейментау ауданы марапатталды.

– 3-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен Айжан Бешембаева – Целиноград ауданы;

– 2-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен Әйгерім Ахметжанова – Көкшетау қаласы;

– 1-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен Баян Рахимжанова – Целиноград ауданы;

– Бас жүлде және бағалы сыйлықпен Назгүл Төлетаева – Астрахан ауданы марапатталды.

Қобыз жанрын насихаттау арқылы төл аспабымыз – қобызға деген қызығушылықты арттыру, Гүлнәфіс Баязитованың орындаушылығын халыққа кеңінен насихаттау, қобызшылардың репертуарындағы шығармаларын толықтыру, дарынды жастарды анықтау, оларды ынталандыру, өнерін дамыту мақсатында Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығымен тұңғыш рет «Ғасырлардан жеткен үн» облыстық қобызшылар байқауы ұйымдастырылды.

Байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img