spot_img
Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
2.3 C
Kokshetau

«Дін көшбасшыларының VII съезі тың идеяларға жол ашып, баршамызды биік белестерге жеткізеді деп сенемін»,- Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ...оқыңыз

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

Қазіргі күрделі кезеңде дінбасылардың бір үстел басында жиналуы айрықша маңызды. Олар кез-келген мәселе бойынша ортақ пайымға келіп, тіл табысуға болатынын бүкіл адамзатқа паш етуде. Меніңше, Съездің ең басты миссиясы да, ерекшелігі де – осы!   (Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде сөйлеген сөзінен, 14 қыркүйек, 2022 жыл.)

—————————————————————————————————-

Адамзаттың күрделі кезеңінің қасиетті қадамы

————————————————————-

Елордамызда  Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өз жұмысын бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуында сөз сөйлеп,  «Қазіргі күрделі кезеңде съездің тарихи мәні артып отыр. Өйткені, халықтар арасындағы келісімді нығайтып, пандемиядан кейінгі әлемде әділетті қоғам құру – бәрімізге ортақ міндет» екендігін атап көрсетті.

—————————————————————————————–

Адамзаттың зор үміт күткен XXI-ші ғасыр сол адамзаттың үмітін ақтай қоймағаны да анық. Жер жаһанды бұрын-соңды болып көрмеген қарулы қақтығыстыр жаңаша өрши түсті. От қарудың ажалынан жан сауғалаған босқындар әлем елдерін кезіп кетті. Ол аздай әлемді жайлаған тажалды індет «COVID-19» адамзат баласының көңіліне үрей ұялатып, бұл індет те майданнан кем болған жоқ. Енді келіп, Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс… Бұл қақтығыс және әлемнің дамыған мемлекеттерінің бір-біріне салып отырған түрлі санкциялары әлемнің мазасын алып тұрғаны соншалықты, әлемнің экономикалық дамуын тежеп тұр, адамдар мен мемлекеттердің емін-еркін араласуын шектеді.

Міне, тарихтың осы бір аса күрделі де қиын кезеңінде Қазақстанның астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өз жұмысын бастауы бұл үлкен тарихи оқиға! 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  съезді ашарда «Осы орайда, ашық диалог орнату өте маңызды. Дін көшбасшыларының VII съезі тың идеяларға жол ашып, баршамызды биік белестерге жеткізеді деп сенемін»,–деуі барша әлем тағдыры үшін алаңдаған көңілін білдірсе керек. Және де Президентіміздің «Қонақжай Қазақ жеріне қош келдіңіздер! Әлемдегі ең беделді рухани көшбасшылардың басын қосып, диалог құру – біз үшін зор мәртебе. Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Ватиканның және Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Францискіге ілтипатымды білдіремін. Сіз діндер және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға зор үлес қостыңыз. Көне Әл-Азһар ислам университетінің Бас имамы, жоғары мәртебелі доктор, Шейх Ахмад ат-Тайебтің елімізге арнайы келгеніне қуаныштымын. Қазақстан халқы өзіңізді қазіргі мұсылман әлемінің көрнекті ойшылы ретінде құрмет тұтады. Сіз дін жолында адал қызмет атқарып, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге өлшеусіз еңбек сіңіріп келесіз»,–деп осы бір екі дін өкілдеріне қарата айтқан сөзінде барлық дінге және оның барлық өкілдеріне деген зор құрмет жатқандығы деп білдік.

Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Ватиканның және Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Францискінің қазақ еліне арнаған сөзін тыңдау мәртебесі бұйырды.  Рим Папасы қазақ елін әлемнің тыныштық пен бірліктің ұлы елі деп атап көрсетуі және де қазақ халқының барлық діндерге зор құрметпен қарайтындығының себебін қазақтың қасиетті домбырасының қос ішегінің үйлесімділігімен қарастыра сөйлеуі тың ой болды!

Расында да, домбыраның қос ішегінің үйлесімділігіне бар дүние тіршілігі, адами қарым-қатынастың бар заңдылықтары бағынып тұр емес пе? «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деп Абай хакім айтқан қағидағаның жер үсті халқының ұстанымына айналмайынша, сол жер үстінде бейбітшілік орнамасы да анық.

Әлқисса, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Қазақстанның  ынта білдіруімен және басшылығымен 2003 жылдан бастап әр үш жыл сайын Елордамызда тұрақты өткізіліп келе жатыр. Бұл  Адамзаттың жаңа мыңжылдығының конфессияаралық диалог пен кеңесіп, кездесулер жүйесін құруға жол ашқан XXI-ші  ғасырдың ұлы оқиғасы еді! Иә, сонау  2003 жылдың  23-24 қыркүйегінде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1-ші съезінен бергі уақыт кезеңінен бері  дүние тынысы алқынып, жүрек соғысы да жиілеп, адам баласының Жаратқан берген тіршілік үшін күресінің жан таласы күшеймесе, бәсеңсімеген сыңайлы. Бұған бүгінгі әлем куә!

Көне тарих бұрын соңды естіп те, көріп те білмеген әлемдік маңызы бар түрлі діндер лидерлерінің форумының Ұлы Дала төсіндегі қазақ жерінде жинаулы, бұл енді жалпы Адамзат баласының өзара түсінушілік және бірін-бірі құрметтеу, бірінің уәжін бірі төзімділікпен тыңдай білуі арқылы бейбіт қатар өмір сүру үшін бір қадам болса да ілгері басқандығы еді.

Сол қазақ жерінде барлық діндер мен конфессия өкілдерінің қатысуымен  Елордамызда   2003 жылдан бері, санамалап айтар болсақ,  2006 жылдың 12-14 қыркүйегінде «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» тақырыбымен өткен екінші, 2009 жылдың 1-3 шілде аралығында  «Төзімділікке, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген бейбітшілікті құрудағы дін лидерлерінің рөлі» тақырыбымен өткен үшінші, 2012 жылдың 30-31 мамыр аралығында «Адамзат таңдауы – бейбітшілік және келісім» тақырыбымен өткен төртінші, 2015 жылдың 10-11 маусымында «Бейбітшілік пен даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы» тақырыбында өткен бесінші, 2018 жылдың 10-11 қазан аралығында  «Дін лидерлері қауіпсіз әлем үшін» тақырыбымен өткен алтыншы cъездер ежелден бейбіт те тыныш, тату да тәтті өмір сүруді аңсап та, көксеп те келе жатқан Адамзаттың ұлы мұраттарын жүзеге асырудың  Құдайы ісі болып тарих беттеріе алтын әріптермен жазылғаны да анық!

Енді міне, VII-ші съезд! Тақырыбы: «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі!» Тағы да қазақ жері, тағы да қазақтың Елордасы! Алайда, заман басқа… әлем басқа! Сонымен бірге, Қазақ елінің де бүгінгі ұстанымы да басқа! Қазақ қоғамы да әділдік іздеуде… қазақ қоғамы да лайықты өмір сүруді аңсап отыр.

Біздің дүниетанымымыз бен көзқарасымызды өзгерткен биылғы жылдың «қаңтар оқиғасы» еді. Елдің тыныштығының бағасына анық көзіміз жетті. Елді жайлап кеткен заңсыздық… жемқорлық… әділетсіздік сияқты келеңсіздіктер халықты титықтатып, ашу-ызаларын  тудырғаны да  анық.

Тәуелсіз Қазақстанның билік сахнасына шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік Ант қабылдаған сәтінен бастап әділ қоғам орнату, халық үніне құлақ асатын мемлекет құру және Жаңа Қазақстанды орнықтыру жолындағы тың бастамалары мен адал ойлары мен парасатты сөздері халқымыздың басым көпшілігінің көңілінен шығып, қолдауға ие болуда.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйек күнгі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты   Жолдауында ұсынған Қазақстанның дамуының бес негізгі қағидаттарын жүзеге асыру басты міндеттеріміз болса керек. Ел тағдырының болашағы үшін аса маңызды осы бес бағыт бойынша жұмыс істеу және еліміздің ынтымағы мен береке-бірлігін арттыру  тарихтың сындарлы кезеңінде тұрған біз үшін ұлы мұраттардың бірі болса керек! Және Президенттік кезектен тыс сайлау өткізу тағы да және Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы сайлауда дауысқа түсемін деуі көңілімізге бір сенімді ұялатқаны анық!

Сөз жоқ, Қазақстанның президенттік билігінің басында Қасым-Жомарт Тоқаев әлі де тұруы керек! Бұл менің пікірім! Қазір осы алда Президент сайлауы өткізіледі деген хабар таралғалы қазақстандықтардың басым көпшілігі осы пікірде жүргендігі де анық!

Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев  қашан болсын өзін әлемдік саясаттағы көшбасшы лидерлігін көрсетіп келеді. Елордада басталған Дін көшбасшыларының  VII съезінде қазақша да, ағылшынша да сөйлеген сөздері арқылы біздің Президентіміз өзінің Абай хакім айтқан «ақыл, қайрат, жүректі» қатар ұстаған толық адам екендігін көрсетті.

«Біздің мүддеміз және ниетіміз – бір. Бәріміз де бейбіт әрі берекелі болашаққа қадам басуды қалаймыз»,–деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дін көшбасшыларының съезінде айтқан осы бір ауыз сөзінен мен өзім таныған да, таңдаған да Тұлғаның жаңа келбетін тағы да тереңірек тани түстім!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img