spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
21.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Қостанай облысында өртпен күрескен құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетауда Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы өрт сөндіруші-құтқарушыларға алғысын білдіре отырып, ақмолалықтар алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек жіберіп, отпен күресу үшін қосымша күш жібергенін атап өтті.
«Қостанай облысының тұрғындарын құтқаруға және елді мекендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ақмола облысынан 60 өрт сөндіруші мен 8 техника, сондай-ақ МИ-8 тікұшақ техникасы жұмылдырылды. Өрттерді сөндіру кезінде біздің құтқарушылар 2 мыңға жуық адамды эвакуациялады, 6 елді мекенді – Аманқарағай, Әулиекөл, Лесное, Бағаналы, Озерное және Қазанбасы ауылдарын құтқарды, сондай-ақ орманды дала алқаптарын сөндіруге қатысқан», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Сонымен қатар, облыс әкімі Зеренді ауданындағы өртті жою кезінде азаматтық қорғау органдарының жедел жұмысын атап өтті.


Көкшетау қаласы Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің, Щучинск қаласы жасағының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйек күні Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, Басаман КШШ аумағында алдын ала болжам бойынша 600 га алаңда ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген, өрт сөндіру желдің екпіні мен +36 градус қатты ыстықпен күрделене түскен. Өңірде өртті екі мыңнан астам адам мен 250-ден астам техника сөндірген болатын.

7 қыркүйекте Қостанай облысында ірі табиғи өртті ауыздықтауға қол жеткізіліп келесі күні Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД мен Солтүстік Қазақстан облысы өңірлерінен келген құтқарушылар үйлеріне жол тартса, Ақмолалық құтқарушылар ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін жұмысын жалғастырған болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық ардагерлер Жеңіс күніне 3 миллион теңгеден алады

Биыл   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай облыс майдангерлеріне төленетін төлемақы ұлғайтылып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден алады. Елімізде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img