spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы Жолдауды талқылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Актив отырыса қатысушылар Мемлекет Басшысы бастаған саяси жаңғыру процесінің экономикалық өзгерістермен жалғасып отырғанын алға тартып, саяси-құқықтық трансформация халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын тілге тиек етті. Мәселен, «Вознесенка» бастауыш партия ұйымының төрағасы әрі, ауылдық округ әкімі Юлия Сироткина Жолдаудың халықты әлеуметтік қолдау бөлігіндегі көптеген мәселелеріне тоқталды. «Ұлттық қор –балаларға» жобасы, медицина мен білім беруді дамыту, 650 елді мекенде емдеу мекемесін салу, 2023 жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін бір жарым жылға дейін ұзарту секілді жаңалықтар әлеуметтік қамсыздандыру саласын жетілдіре түсетіні анық. «AMANAT» партиясы халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын көтеруге бағытталған шаралардың толықтай жүзеге асырылуына мүдделі»,-деді ол өз сөзінде. Сондай-ақ, партиялық функционер ретінде нақты секторды дамытуды көздейтін екінші бағытқа толығырақ тоқталды. Оның пікірінше, ең алдымен, жер қойнауын игеруге инвестициялар тарту үшін заңнама мен рәсімдерді айтарлықтай жеңілдету, сондай-ақ геологиялық ақпараттың бірыңғай деректер банкін құруды аяқтау дұрыс.


Актив отырысында сөз сөйлеген Шоқан Уәлиханов атындағы көкшетау университеті құқық кафедрасының лекторы, заң ғылымдарының магитсрі Ерлан Наурызбаев Мемлекет басшысының сот жүйесіне және құқық қорғау органдарына қатысты нақты пікірін білдірді. «Сот кадрларын жинақтау, олардың біліктілігін көтеру,болашақта сот жүйесіне адал таза ,мінсіз азаматтарды, заңгерлерді жинау туралы,мемлекет басшысы:жоғарғы сот кеңесі органына тапсырма бағыт бағдарлар берді. Жоғарғы сот кеңесі органы болашақта осы мәселелердің барлығын жан жақты қарастырып кешенді түрде бұл мәселеге мән беру керек деп айтты.Үйткені сот жүйесіне шағымданып келген қарапайым азаматтың тағдыр талқысына түскен мәселелерін ,заңды түрде жан жақты талдап, айғақ дәлелдерін жинап, тек қана заңға сәйкес әділ шешім шығаратын сот қызметкерлері судьялар болу қажет. Осы орайда мемлекет басшысы жоғарғы сот кеңесі органының болашақта жан жақты түрде реформаланатыны туралы да айтып өтті,-деді ол өз сөзінде.
Актив жиынында партия белсенділері Жолдаудың негізгі басым бағыттары туралы ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді. Дәл осындай партия активінің отырыстары облыстың барлық аумақтық филиалдарында ұйымдастырылады. Бүгінде облыс орталығы мен аудандарда зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және жастардан құралатын спикерлер пулы жасақталды. Партия филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев Жолдаудағы әлеуметтік-экономикалық бағыттағы міндеттерді орындауда партиялық бақылауды күшейтуге шақырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img