spot_img
Сейсенбі, Шілде 23, 2024
27.2 C
Kokshetau

Щучинск тұрғынынан 100 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Щучинск тұрғынынан 100 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері браконьерлік фактілерін болдырмау және жолын кесуге, сондай-ақ балық және балық ресурстарын заңсыз өндірумен, тасымалдаумен және сатумен байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
27 тамызда таңғы сағат 07:30-да Біржан сал ауданының рейдтік іс-шараларын өткізу кезінде Жүкей су қоймасының жанында Щучинск – Степняк – Уәлиханов автожолында Щучинск қаласының 39 жастағы тұрғынының басқаруымен LADA Granta автокөлігі тоқтатылды. Көліктің ішін тексеру кезінде 100 келі тұқы тұқымдас балық, 7 келі мөңке балық тұқымдас балық, резеңке қайық, 4 дана қытай өндірісінің торлары табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 335бабы 3-бөлігі 6-тармағы (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сонымен қатар, 24 тамызда Целиноград ауданының Қос Қопа аңшылық шаруашылығы аумағында полиция қызметкерлері Нұра өзенінде балық аулауға тыйым салынған заттарды орнатып жатқан 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сол күні Бурабай ауданының ПБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері өңірдің көлдері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық фактісін анықтады.

Ақпарат пен фото: polisia.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дәрі-дәрмектерді таңбалау және бақылау ережелерI

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img