spot_img
Жексенбі, Наурыз 3, 2024
-6.8 C
Kokshetau

Ұлттық экономика министрі Ақмола облысының кәсіпорындарын аралады

Сондай-ақ...оқыңыз

Макинск қаласында Әлібек Қуантыров «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-да инженерлік инфрақұрылым құрылысының барысымен танысты.

Ірі кәсіпорын құс етін өндіру көлемі бойынша елімізде бірінші орында тұр. Мұнда жетекші әлемдік өндірушілердің жабдықтары қолданылады. Фабрика шамамен 1,5 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде.

Мемлекеттік қолдау шаралары есебінен қуаттылықты арттыру ҚР-дағы құс етінің импорт үлесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, деп атап өтті кәсіпорын басшылығы.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында ҰЭМ басшысы соя, күнбағыс және рапс тұқымдарын қайта өңдеу бойынша «Бота-2015» ЖШС май экстракциялау зауытында болды. Мұнда май өндіру процесі толығымен автоматтандырылған. Зауытта сыйымдылығы 44 мың тонна болатын заманауи элеватор бар, дайын өнімді сақтау технологиясы толығымен сақталған.

Жобаның құны 6 млрд. теңгені құрайды. 70-ке жуық адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.

ҚР ҰЭМ деректеріне сәйкес, 2022 жылдан бастап «БЖК-2025» құралдары 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға еңгізілген. 2022 жылы Ақмола облысы бойынша ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету шараларын іске асыруға 5,3 млрд теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдың 1 мамырдағы жағдайы бойынша жалпы несие сомасы 280 млн теңгеге 8 жоба субсидияланды және 800 млн теңгеге 28 жоба кепілдендірілді.

Ақмола облысына жұмыс сапары Көкшетау қаласында жалғасты, онда министр «Гормолзавод» ЖШС-ның жұмыс барысымен танысты.

Кәсіпорын еліміздің көптеген аймақтарын сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 22 550 тонна өнімді құрайды.

 

t.me/presseconomy

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img