spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
17.2 C
Kokshetau

 «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Ақмола облысы арасында меморандумға қол қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

 

«Мен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қорын құруды тапсырамын», –
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Биыл елімізде орын алған қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдарын саралай отырып президентіміз осындай шешім қабылдаған болатын. Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған орынды шешімі бүгінде өз жемісін беріп жатыр.

Айталық, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау, ТЖ салдарын жою, спорт салаларына қордан 5 196 641 013 теңге бөлінген. Соның ішінде 2022 жылғы білім беру гранттарына арналған 378 720 000 теңге тағайындалған. Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университетіне осы бюжет негізінде 3 грант бөлінген.

Денсаулық сақтау мәселелеріне де аса көңіл бөлінуде.
• Офтальмологиялық скрининг және шала туған ретинопатины емдеу үшін медициналық ұйымдарды жабдықтармен қамтамасыз ету үшін – 326 775 300 теңге
• Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды экзоскелеттермен қамтамасыз ету үшін – 117 000 000 теңге
• Тамыр патологиясы бар баларларға медициналық көмек көрсету үшін – 20 480 000 теңге
• Мүгедектігі бар балалар мен жастарды (14-29 жас) инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін- 660 000 000
• Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыруға – 1 018 420 576 теңге жұмсалды.


Спорт, әлеуметтік жағдайларды оңалту үшін де бірталай қаржы бөлінуде.
Бүгінгі күні өткен конференцияда Ақмола облысты мен аталмыш қор арасында меморандумға қол қойылды. Осы уақытқа дейін де орындалып жатқан қолдау көрсету жұмыстары әрі қарай жалғасын таппақ. Бірақ ресми күшіне ие болған түрде.

«Қор халықтың ақшасына құрылғандықтан, кеткен шығындардың есебін нақты әрі толық беруге үнемі дайынбыз»-, деді сөз соңында Болат Жәмішев.

Камила Абдельманова
Фото: Берік Ескенов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық ардагерлер Жеңіс күніне 3 миллион теңгеден алады

Биыл   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай облыс майдангерлеріне төленетін төлемақы ұлғайтылып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден алады. Елімізде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img