spot_img
Жұма, Шілде 24, 2026
18.8 C
Kokshetau

Референдумда дауыс беруге арналған 11 839 761 бюллетень шығарылады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚазАқпарат – Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, республика бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ұсынған мәліметтер мен есептерге сәйкес, тізімдерге 11 722 536 адам енгізілді. 5 маусым күні республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындаудың кейбір мәселелері туралы Орталық референдум комиссиясы қаулысымен дауыс беруге арналған бюллетеньдер бір пайыз резервпен референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізілген санға тең мөлшерде дайындалады деп белгіленген. 11 839 761 көлемінде дауыс беруге арналған бюллетень шығарылуы тиіс», – деп жазды ведомстводан.

Белгіленген мөлшерде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындау және референдум учаскелеріне заңнамада көзделген мерзімде жеткізу облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың референдум комиссияларына тапсырылады. Аумақтық референдум комиссиялары бюллетеньдерді референдум учаскелеріне жеткізу үшін белгіленген мөлшерде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындауды 2022 жылғы 28 мамырға дейін қамтамасыз етуге тиіс.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendumda-dauys-beruge-arnalgan-11-839-761-byulleten-shygarylady_a3935323

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Өрт қаупі жоғары кезеңдегі Бурабай: елемеуге болмайтын қауіпсіздік ережелері

Найзағайдың түсуі – орман өрттерінің табиғи себептерінің ең кең таралған түрлерінің бірі. Алайда табиғи қауіп-қатерге адамдардың салғырттығы да жиі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика