spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «ІТ ЛИЦЕЙ СТИПЕНДИЯ» ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Сондай-ақ...оқыңыз

Балалар жылы аясында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтың қатысуымен «BOLASHAQ SARAIY» балалар мен жасөспірімдер сарайында «ІТ дарынды оқушысы-2022» дарынды оқушылар шеруі өтті.

Салтанатты шарада 2021-2022 оқу жылында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, сайыс додаларында оза шауып бәйге алған оқушылар марапатталды.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың заман талабына сай, ақпаратық технологияларды меңгерген білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуына ықпал ету.

Салтанатты шарада республикалық, облыстық пәндер олимпиадаларының, ғылыми жобалар сайыстарының, «Өркен», «JasSkills IT-2022», «Тіл дарыны», «ROBOBALAPAN», «WRO-2022», «Junior Skills», «KazRoboProject» «Махамбет оқулары», «Абай оқулары», «Ахмет оқулары», «SportFEST Kazakhstan» сынды түрлі деңгейдегі байқаулардың 60-қа жуық жеңімпазы төс белгілермен марапатталды.

Құттықтау сөзінде Бейбіт Айтымұлы оқушыларға ізгі тілегін білдіріп, «ІТ жыл оқушысы – 2022» номинациясы жеңімпазын және алғаш рет берілгелі отырған «ІТ лицей стИпендия» иегерін марапаттады. Бұл құрметке WRO-2022 жеңімпазы, облыстық «Үздік спикер», Елбасы медалі иегері 9 сынып оқушысы Ербатыр Ернияз ие болды. Демеушілік көмек көрсеткен Қазбеков Мұса Қазбекұлы.

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша «Туған елге тағзым» сертификатына «Үздік шаңырақ – 2022» номинациясына «Тұран» шаңырағының педагог-ұйымдастырушысы Назым Мендекина ие болды. Бұл сертификат Айыртау ауданы Сырымбет өңірінде орналасқан Айғаным қонысына танымдық саяхат жасауға мүмкіндік береді.

«Дарынды балаларды қолдау мақсатында ІТ лицейде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі іс-шараның қатысушылары түрлі байқауларда өз білімдерін дәлелдеп, жеңімпаз атанған дарынды да, талантты оқушылар. Оларға алдағы уақытта сәттілік тілеп, әрқашан жеңіс тұғырынан көрінулерін тілейміз», – деген ниетін білдірді әл-Фараби атындағы ІТ лицейдің директоры Айгерім Кошанова.

Айта кету керек, бүгінгі күні әл-Фараби атындағы ІТ лицейінде 903 бала білім алуда.

Барша марапат иелерін құттықтаймыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img