spot_img
Жұма, Қыркүйек 11, 2026
31.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында Қопа көлін тазартуға 12,1 млрд теңге бағытталмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Келер жылы Көкшетаудың іргесіндегі Қопа көлін тазарту жұмыстары басталады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті, деп хабарлайды

«Жоба мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін осы жұмыстарға бюджет қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім берілетін болады. Жобаның құны 12,1 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Бұл шаралар «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына енгізілген. Егер жыл соңына дейін жобалау-сметалық құжаттама дайын болса, онда 2023 жылдан бастап Қопа көлін тазарту жұмыстары басталады», – деді Көкшетауда журналистермен өткен брифингіде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Министр атап өткендей, Қопа көлінен бөлек, Ақмола облысында Бурабай, Щучье көлдерін тазарту жоспарланып отыр. С.Брекешев сондай-ақ алдағы үш жылда елімізде 9 жаңа су қоймасы салынатынын айтты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында сотталғандарға мамандық алуға қалай көмектесіп жатыр

Бүгінде Ақмола облысында 800-ге жуық сотталған адам ресми түрде жұмыспен қамтылған. Өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 50-ден астам кәсіпкер өндіріс...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика