spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 17, 2024
11.3 C
Kokshetau

30 сәуірде күн тұтылады

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылы алғаш рет 30 сәуірде күн тұтылады. Бұл туралы Мәскеу планетариясы ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы алғаш рет 30 сәуірде күн тұтылады. Күннің тұтылғанын Антарктидада, Оңтүстік Америкада, Тынық мұхитының оңтүстік-шығысынан көруге болады» делінген хабарламада.

Алдағы астрономиялық оқиғаның ерекшелігі – 30 сәуірдегі күннің тұтылуы 2022 жылы алғашқы тұтылу дәлізін ашады, ол 16 мамырға, ай тұтылғанға дейін жалғасады. Бұл күні, 2022 жылдың 16 мамырында, ай тұтылады. Ол Солтүстік және Оңтүстік Американың көп бөлігінде, сондай-ақ ішінара Африка мен Еуропада көрінеді. Бұл табиғат құбылысы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9:14-те болады. 2022 жылдың астрономиялық күнтізбесінде тұтылудың екі дәлізі бар: 2022 жылдың 30 сәуірінен 16 мамырына дейін және 2022 жылдың 25 қазанынан 8 қарашасына дейін. Барлығы 2022 жылы 4 рет (2 рет күн және 2 рет ай) тұтылады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Ол су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img