spot_img
Жұма, Сәуір 24, 2026
8.2 C
Kokshetau

29 сәуірге арналған ауа райы мәліметі

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл болалы. ҚР бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетіп, солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында күндіз дауыл соғып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола облысының батысында жел 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде жел күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстік-батысында жел күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында екі елдің мәдени ынтымақтастығына қатысты жаңа жобалар талқыланды

Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мәдени дәстүрлерді біріктіру және заманауи шығармашылық тәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика