spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
24.2 C
Kokshetau

Жайылымдық жер алудың жолдары таныстырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау алаңында мал шаруашылығын жүргізу үшін жайылымдық және шабындық жерлерді алу тетіктерін түсіндіру бойынша тақырыптық қабылдау өтті. Іс-шараға Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшылығы, өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Умар Шоназаров қатысып, азаматтардың бұл бағыттағы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Aqmola News агенттігі.

Алдымен, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының жерді есепке алу және жерге орналастыру бөлімінің жетекшісі Жұмажан Бейсембаева жайылымдық жерге ие болу тек байқау арқылы мүмкін екендігін айтып, оған қатысудың жолдары туралы түсініктеме берді. Тақырыптық қабылдау онлайн және офлайн форматта өткендіктен, оған барлық дерлік аудандардың шаруалары қатысу мүмкіндігіне ие болды. Іс шараға офлайн қатысуға келген жақын орналасқан Бурабай, Зеренді мен Сандықтау аудандарының шаруалары жайылымдық және шабындық жерлерді үлестірумен жергілікті атқарушы орган өкілдері айналысуы тиіс деген өзіндік пікірлерін білдірді. Бұл бағытта нақты ұсыныстарын да жетізді. Мәселен, Сандықтау ауданының ірі «ПЗ Балкашинский» серіктестігінің басшысы Шарип Докаев, пайдаланбай бос жатқан жайылымдық жерлерді алып қою тетігі заң жүзінде қарастырылуы тиіс деп санайды. Оның айтуынша, барлық жайылымдық жерлерді арнайы қорға немесе жергілікті атқарушы органның құзіретіне беріп, жерді олар үлестіруі тиіс. Сонда ғана тәртіп орнайды-мыс. Ал, жайылымдық және шабындық жері болмаған шаруаның малын көбейтуі, тіпті ауылда өмір сүруі мүмкін еместігі белгілі.

Жалпы, асыл тұқымды ірі қараны өсірумен айналысатын шаруалар жайылымдық және шабындық жер бөлінбесе, малды құрту қаупі бар екенін алға тартты. Ал, егін шаруашылығымен айналысатын ірі серіктестік иелері өздерінің бос жатқан жайылымдық жерлерін мемлекетке тегін қайтаруға дайын. Бірақ ол үшін барлық жайылымдық жер мемлекеттің құзіретіне беріліп, оны шаруаларға үлестіруді жергілікті атқарушы органдар айналысуы тиіс дейді. Өкінішке қарай, ондай шаруалар көп емес. Кейбірі жайылымдық жерлерінен өз еркімен бас тартудан қашып отырған көрінеді.

Жиында сондай-ақ, пай иелерінің өз жерін ірі кәсіпорыннан шығару мәселесі сөз болды. Шаруалардың айтуынша, бұл мәселені сол серіктестік емес, жер қатынастары бөлімі шешуі керек, әйтпегенде, жарғылық капиталдың 80 пайызы өз қолында тұрған серіктестік иесі сайлауда әрдайым жеңіске жетеді де, шағын жердің пай иелері серіктестіктен шыға алмай қалатын көрінеді.

Сондай-ақ, субсидияны уақытылы бөлу және заңды үлестіруге мән беру керектігі айтылды. Барлық ұсыныстар мен тілектер бойынша жұмыс атқарылып, кейбір мәселелер бойынша депутаттық сауал жолданатын болды. Себебі, шаруалардың көтерген мәселелері өзекті, әрі өте өткір тұрған түйткілдердің қатарына жатады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

  Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img