spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
5.6 C
Kokshetau

Бос орындар жәрмеңкесіне 100-ден астам студент қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бос орындар жәрмеңкесіне 100-ден астам студент қатысты, – деп хабарлайды, «Aqmola News» АА. 

Анель СЕМБАЕВА

Бүгін  Ақмола облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  NEET санатындағы студенттер мен жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеге мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар, жалпы саны 40-тан астам әртүрлі сала өкілдері қатысты. Аталмыш іс-шара жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілер үшін де аса маңызды. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандық иелерін таңдай алады. Ал, жұмыс іздеп жүргендер үшін өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасудың орасан мүмкіндігі бар. Жастар ресурстық орталықтары қызметінің негізгі әрі басты мақсаттарының бірі  жұмыссыз жастарға қолдау көрсету.

«Осындай игі іс-шаралар студенттер үшін де аса қажетті. Олар өздеріне жұмыс тауып, іс-тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Біз бос орындар жәрекесін жиі өткізіп тұрамыз. Алдағы уақытта жастарға арналған кеңес беру орталығын ашуды да жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, бізде  «Жедел желі» жұмыс істейді, студенттер қоңырау шалып, жұмыс туралы кеңес алып, көкейтесті сұрақтарына жауап ала алады», –  дейді Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Мәнсия Есекеева.

Атап өтуіміз керек,  Instagram әлеуметтік желісінде Жастар ресурстық орталығының жеке парақшасы бар (https://instagram.com/rabotavkokshetau?utm_medium=copy_link), онда бірнеше жыл қатарынан жастар үшін, сондай-ақ, NEET санатындағы адамдар үшін бос жұмыс орындары тұрақты түрде жарияланып тұрады. Яғни, жұмыс іздеген жандар осы парақшаға тіркеліп, бос жұмыс орны бар мекемелерге хабарласса болады.

Жәрмеңке барысында жұмыс іздеп келгендердің де қарасы көп. Солардың бірі – гуманитарлық-техникалық жоғары колледжінің 4 курс студенті Алина Рашитова.

«Мен өз мамандығым бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Аталмыш жәрмеңкеге мұғалімдердің бос жұмыс орындары бар-жоғын білу үшін келдім. Өзіме лайықты екі жерден жұмыс орнын тауып отырмын. Солардың бірін таңдап, алдағы уақытта жұмысқа орналысып кетермін деген үміт оты ұялады. Жалпы, мұдай жәрмеңкелер студенттер үшін де қажет және пайдалы деп санаймын, – дейді ол.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img