spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

Тергеуде құқық бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті – Бас прокуратура

Сондай-ақ...оқыңыз

Тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдында көрсетілгендей, прокуратура органдары қайғылы оқиғаларды тергеу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Бүгінге, прокуратура органдарына тыйым салынған тергеу әдістеріне және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті. Билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы 11 шағым бойынша прокурорлармен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, ал қылмыстық қудалау органдары прокуратураның нұсқауымен 10 қылмыстық істі тіркеді», – деді Е. Қилымжанов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде 21 қылмыстық іс өндірісте, олардың ішінен 20-сы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерімен және біреуі арнайы прокурорлармен тергелуде.

«43 арыз бойынша тексерулер жалғасуда, 22-сі өз дәлелін таппады. Естеріңізге сала кетейік, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне жедел шара қолдау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде арнайы мобильді топтар құрылған. Кезекші прокурорлардың барлық байланыс телефондары «prokuror.gov.kz» ресми сайтында орналастырылды», – деді Бас прокуратура өкілі.

Оның сөзіне қарағанда,прокуратура органдары халық арасында көз жұмғандардың қаза болу мән-жайларын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Әр жағдай бойынша өлімнің себептері толық зерделеніп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғаларына байланысты 9 257 әкімшілік істі қаралды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img