spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
16 C
Kokshetau

ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шығыс Қазақстанда облыс әкімдігі басшылығының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтарыбойынша кеңейтілген кеңес өтті, онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының» жобасы жан-жақты талқыланды.

Іс-шара облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, депутаттар, бизнес өкілдері, квазимемлекеттік сектор басшыларының, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктерімен қоғам өкілдерінің қатысуымен өтті.

Өз сөзінде облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Е.Жалымбет әзірленіп жатқан «2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттұжырымдамасына» тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар нақты реформалар мен жобаларды қамтитын Тұжырымдама міндеттерінің 6 блогын талқылады. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлықты төзбеушілікті қалыптастыру, бизнеске корпоративтік әдеп арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингі, уәкілетті органның қызметін жетілдіру сияқты міндеттерді шешу бар.

«Тұжырымдамаға азаматтық қоғам, соның ішінде бизнес өкілдерінің ұсыныстары енгізілгенін атап өту маңызды. Стратегиялық құжатқа сіздердіңұсыныстарыңыз енгізілді, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудағы мемлекеттік компаниялардың үлестерінің қысқаруы, бір көзден сатып алу үшін негіздерді қысқарту және т. б.

Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын түбегейлі және кешенді жоюға бағытталған. Сана мен моральдық қағидаларды өзгертуге маңызды рөл берілді. Біздің мақсатымыз – қоғамдасыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитеті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық барлық адамдар үшін материалдық жағынан тиімсіз болатын жағдайлар жасалады», – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы.

Бұдан басқа, Тұжырымдаманың негізгі бөлімдерін талқылау барысында бизнес-ортаға енгізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, қызметкерлердісыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, бизнес-әріптестердің тізілімін енгізу, комплаенс-офицерлерді даярлау, контрагенттердің адалдығын бағалау, бизнес-өнімдерді ерікті таңбалау, «таза толқын» белгісінің қызметтері және т.б. сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларға ерекше назар аударылды.

Баяндамаларды талқылау аясында кеңеске қатысушылар банк, мемлекеттік сатып алу және басқа да салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдарды атады.

Өткен іс-шара соңында ШҚО әкімдігінің басшылығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамаларын қолдай отырып, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img