spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
18.1 C
Kokshetau

Коронавирус: «Көк» мәртебесі барлар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус бойынша «көк» мәртебесі бар тұрғындар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан «көк» мәртебесі бар болған кезде отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асханалар түріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға, білім беру ұйымдарына, СПА-орталықтарға, сән салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдауларға шектеусіз кіруге рұқсат етіледі», – деді Ажар Ғиният.

Оның атап өтуінше, «көк» мәртебесі бар келушілердің кіруіне рұқсат берілген бірқатар объектілер үшін «жасыл» аймақта шектеулер алынып тасталады. «Сары» аймақта 70 пайызға дейін, «қызыл» аймақта 60 пайызға және мейрамханалар, мәдени объектілер, балалар мен ересектер үшін сауда, және ойын-сауық орындары бойынша толымдылық ұлғайтылды.

«Елімізде пандемияның бүкіл кезеңінде бизнестің барлық салаларында карантиндік шаралардың мұндай кең ауқымды жеңілдіктері болған жоқ», – деді министр.

https://www.inform.kz/kz/koronavirus-kok-martebesi-barlar-ushin-birkatar-shekteu-alynyp-tastaldy_a3890302

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img