spot_img
Жұма, Мамыр 10, 2024
10.3 C
Kokshetau

Қырғызстанда дәрігерлер президенттен ДСМ басшысының отставкаға кетуін сұрады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қырғызстанда педиатр дәрігер Денсаулық сақтау министрі Әлімқадыр Бейшеналиевтің отставкаға кету туралы петициясын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бақтияр Әбсаматов отандық БАҚ-та әріптестеріне қолдары қойылған петиция жіберуге болатын өз поштасын жариялады.

Бақтияр Әбсаматов

Әбсаматовтың айтуынша, ол бірінші хатты алған.

«Бастама менікі, ешкім итермелемеді. Мен Әлімқадыр Бейшеналиев бастаған Денсаулық сақтау министрлігінің жай-күйін көптен бері бақылап келемін, бір жыл өтті, жүргізген жұмысының қорытындысын шығаратын кез келді. Оң нәтиже көрінбейді, естілмейді, керісінше, министрге қарсы көптеген теріс пікір айтылды. Бұл өтініш туралы БАҚ-та бүгін белгілі болды, енді күту ғана қалады. Бір адам маған қолдау көрсетуге дайын екенін жазды», – деді ол.

Дәрігердің айтуынша, жиналған қолдар Мемлекет басшысының әкімшілігіне беріледі.

«Жиналған қолдарды Президент аппаратына береміз. Менің ойымша, Үкіметке беру ақымақтық болады, өйткені президент шешім қабылдайды және президент пен біздің министр өте жақын екені ешкімге құпия емес», – деді Абсаматов.

Бақтияр Әбсаматов бұған дейін басшы Садыр Жапаровқа медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді сұрап видеоүндеу жасаған болатын.

«Бейшеналиевтің орнына басқа кандидатура ұсыну ойымда жоқ. Мен үшін ең бастысы – жұмыс істеу. Денсаулық сақтау жүйесінде өзгеріс жасайтын министр келу керек. Мысалы, қазір адамдар бұрынғыдай емханаларды айналып өтіп, ауруханаларға барады. Дәрігерлер науқасты тыныш тексерудің орнына қағазбастылықпен айналысуға мәжбүр. Бұл есеп ештеңе әкелмейді. Барлық жерде ретсіздік болып жатыр», – деді ол.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img