spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
13.2 C
Kokshetau

Қазақстан қалаларында «Назар аударыңыздар!» деген дабыл қағылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан қалаларында азаматтық қорғаудың ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру 21 желтоқсанға сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жоспарланған. Ол құлақтандыру жабдығын дайындауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

«Электрсиреналар мен дауыс құрылғыларын қосу, сондай-ақ, теледидар мен радиоарналардың эфирін хабарлау, интернет ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

Ведомство «Назар аударыңыздар!» дабылы барлық шұғыл хабарламаны жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін жасалатын ескерту екенін мәлімдеді.

«Сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, интернет ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты әрі қарай әрекет ету туралы нұсқау алу үшін оқып шығу керек», – деді ТЖМ өкілі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img