spot_img
Сейсенбі, Маусым 30, 2026
18.7 C
Kokshetau

Филиппинде тайфун салдарынан қаза тапқандар саны 208-ге жетті – БАҚ

Сондай-ақ...оқыңыз

Филиппиндегі Odette тайфуны салдарынан қайтыс болған құрбандар саны 208-ге жетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін жергілікті БАҚ тайфун салдарынан 75 адам қаза тапқанын, 50 адам хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған болатын.

Полиция қызметкерлерінің кейінгі мәліметтері бойынша, тайфун архипелагтың оңтүстік және орталық аудандарына әсер еткеннен кейін апат құрбандарының саны 208-ге жетті, кем дегенде 239 адам зардап шекті, 52 тұрғын хабар-ошарсыз кетті.

Франс Пресс агенттігі тайфун елдің кейінгі тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болғанын хабарлады.

Тайфун 16 желтоқсанда Филиппинде көшкін мен су тасқыны қаупін тудырды. БАҚ барлық дерлік рейс, теңіз қатынасы тоқтатылғанын хабарлады. 300 мыңнан аса адам эвакуацияланды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында республикалық «Bereke Fest» акциясы өтеді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылғы 1-7 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында Қазақстан Республикасының жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика