spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

Алматы облысында жол апаты болды: қаза тапқандар бар

Сондай-ақ...оқыңыз
Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы алматылық және тоғыз айлық сәби қаза болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 16 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының батыс бағытында 58 километрде Алматы-Бішкек тасжолында болған. Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны Chevrolet Cruze автокөлігі тізгінінде ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан.

«Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматы қаласының 21 және 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді. Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза болды. Бала алған жарақатынан емдеу мекемесінде екі сағаттан кейін қайтыс болды. ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – делінген сайтта.

Дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі («Автомобильді басқаратын адамның екі адамның өліміне әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы») бойынша СДТБТ-де тіркелді. Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика