spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 22, 2024
9.9 C
Kokshetau

Қазақстанда өсірілген пияз, жемістер мен көкөністер Ресейге кіргізілмеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда өсірілген пияз, кептірілген жемістер мен көкөністер Ресейге кіргізілмеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Россельхознадзорға сілтеме жасап.

Россельхознадзор сайтындағы мәлімет бойынша, 2021 жылғы 1-16 желтоқсан аралығында Россельхознадзор басқармасының Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы бойынша инспекторлары мемлекеттік шекараның Ресей-Қазақстан учаскесіндегі шекаралас аймақтарда 123 автокөлікті немесе 2097 тонна және 81 643 дана (раушан кесіндісі) фитосанитариялық қаупі жоғары, карантинге жіберілген өнімді бақылауға алды.

«Аталған кезеңде Россельхознадзор басқармасының инспекторлары Ресей ФҚҚ Алтай өлкесі бойынша шекара басқармасымен ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан мен Қырғызстаннан карантинге жіберілген 159 тонна өнімді жеткізу кезінде фитосанитариялық заңнаманы бұзудың тоғыз жағдайын анықтады», – делінген хабарламада.

Алтай өлкесінің Кулундинск, Рубцовск және Третьяков аудандарында фитосанитариялық қаупі жоғары 62 тонна пияз, 50 тонна жаңғақ пен кептірілген жемістер, 36 тонна жемістер мен басқа да карантинге жатқызылған өнімдерді (11 тонна) кіргізуге тыйым салынған. Алтай өлкесіндегі Россельхознадзор инспекторлары өнім жарамсыз фитосанитариялық сертификаттармен жеткізілгенін, көлік тасымалдау құжаттарына сәйкес келмейтін мәліметтерді, сондай-ақ карантинге жіберілген өнімдер мен түсіру орындарының жүк алушыларына қатысты қате мәліметтерді анықтағаны хабарланды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық оқушы республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Алматы қаласының «Tamos Education Physics and Mathematics School» мектебінде Central Asia Biology Olympaid 2024 биология пәнінен олимпиада өтті. Көкшетаудағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img