spot_img
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
2.2 C
Kokshetau

Ұлыбританиялық журналист Шәріпованың төреші туралы шағымына жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлыбританиялық журналист Бен Смит қазақстандық Фируза Шәріпованың жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, ирландиялық Кэти Тэйлорға қарсы жекпе-жегінен алған әсерін айтты. Сарапшы жеңілгендердің судьяға берген шағымдарына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ливерпульдегі жекпе-жек он раундқа созылды, нәтижесінде Тейлор жеңіске жеткен еді.

«Шынымды айтсам, Тейлор мен Шарипованың жекпе-жегінен көңілім қалды. Чемпион күшін үнемдеді, ал үміткердің оны бұл үшін жазалауға мүмкіндігі болмады. Қазақстандық нокаутқа түсіре алмады. Шарипованың басты жетістігі – қашықтықты сақтап тұра алуы. Дегенмен оның біржақты төрешілік туралы әңгімесі – жай ғана шу көтеру. Тейлор басымдықпен жеңді», – деді Смит.

Жекпе-жектен кейін Шарипова бүкіл карьерасындағы рекордтық деңгейдегі төлем алды, бірақ біржақты судьяға шағымданды. Тейлор өз кезегінде қарсыласын мақтап, болашақ жоспарларын айтты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сағат 12:00-ге дейін Ақмола облысында сайлаушылардың 44,66%-ы дауыс берді

Орталық референдум комиссиясы хабарлайды: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12.00–дегі жағдай...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика