spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

Үш өңірде азық-түлік арзандады – үкімет

Сондай-ақ...оқыңыз

Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілштеме жасап. 

Өткен аптада бағаның төмендеуі еліміздің үш облысында – Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелді.

Ең көп өсім Түркістан облысында және Алматы қаласында байқалды. Атап айтқанда, қырыққабат 0,7 пайызға, қарақұмық жармасы, айран 0,4 пайызға, сүт, тұз 0,3 пайызға қымбаттады.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов алдағы мереке күндерін ескере отырып, бағаны қадағалау, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және сауда желілерімен жұмыс жасауды күшейтуді әкімдіктерге қатаң тапсырды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықта тапшылықтың алдын алу және бағаны тұрақтандыру мақсатында мал мен көкөніс экспортына шектеу қою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеулер күшіне енгенге дейін ішкі нарықтағы жағдайды күнделікті бақылап, талдау жүргізеді.

«Өңірлер бағаны белгілеу және делдалдық тізбектерді талдау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысын белсенді жүргізу және ӘМАТ бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуі қажет», – деді Смайылов.

Монополияға қарсы органның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері өндірушілер мен көтерме жеткізушілерге қатысты 111 ескерту жіберіліп, 16 тексеру тағайындалды, бұзушылықтарды жою туралы 20 ұйғарым, 11 ескерту, өндірушілер, көтерме жеткізушілер және бөлшек сауда желілерімен 186 монополияға қарсы заңнаманы сақтау актісі қабылданды. Сауда үстемеақысының 15 пайыздан асуы бойынша 75 жағдай тіркелді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін ақмолалық жас мұғалім «Шапағат» медалін иеленді

«Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде Назерке деген оқуда озат, әрі белсенді, әрі көшбасшы оқушы болатын. Сол қызға қатты ұқсағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img