spot_img
Сенбі, Сәуір 5, 2025
9.1 C
Kokshetau

10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұрынғысынша ауқымды антициклонның ықпалымен басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек ҚР батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын – шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, ҚР батысында бұрқасын, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, деп жазады Қазгидромет.

 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с. түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман, күндіз Алакөл көлдері ауданында желдің күшеюі 18-23 м/с. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау бөктерінде тұман түседі, солтүстігінде, таулы аудандарда шаңды дауылмен 15-20 м/с жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында төмен бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ, солтүстікте желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-батысында көктайғақ, күндіз оңтүстік-батыста және облыс орталығында желдің күшеюі 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының орталығында 15-20 м/с жел күшейеді, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұланды ауданында су тасқыны жағдайына байланысты облыстық жедел штаб жұмыс істеуде

Бұланды ауданында су тасқынына байланысты облыстық жедел штаб ашылды. Штабтың төрағасы облыс әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img