spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 13, 2024
14.7 C
Kokshetau

«ҚазМұнайГаз» оңтүстіктегі бензин тапшылығына қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз
Желтоқсанның 9-ы күні бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласының және Түркістан облысының жанармай құю бекеттерінде бензин тапшылығы туындағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды «Хабар 24»
Осыған орай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазіргі уақытта барлық үш қазақстандық мұнай өңдеу зауыты қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанын мәлімдейді. Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспардан тыс орындалуда. Шымкент мұнай өңдеу зауыты тәулігіне шамамен 6 мың тонна бензин өндіріп шығарады.
Зауыттан бензин мұнай берушілердің өтінімдеріне сәйкес уақтылы жіберілуде және тәулігіне 6 мыңға жуық тоннаны құрайды. Бұл көлемнің шамамен 2 мың тоннасы Түркістан облысына жөнелтіледі. Осылайша, Шымкент өңдеу зауыты тарапынан өңірде бензин тапшылығын тудыратындай еш негіз жоқ.
ҚМГ диспетчерлік-сараптау орталығының деректеріне сәйкес осы жылдың 10 желтоқсанындағы жағдай бойынша Түркістан облысының мұнай базаларында АИ-92 маркалы бензин қоры 15,4 мың тоннаны құрайды, бұл облыстың 12 күндік тұтынуына тең.

Бұдан бөлек, ресми тұлғалардың бензин тапшылығы Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеумен байланысты туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі ПМХЗ-да жөндеу жұмыстары осы жылдың қазан айында аяқталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img