spot_img
Сенбі, Маусым 13, 2026
16 C
Kokshetau

Қазақстандық ауыр атлеттің суициді: іс жабылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Полиция өз-өзіне қол жұмсаған ауыр атлет Альберт Линдердің өлімі бойынша қылмыстық істі жапты. Қазақстандық зілтеміршінің анасы тергеудің жалғаспайтынын айтты. Ол бұл шешіммен келіспейді, – деп хабарлайды tengrinews.kz.тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

 

Наталья Линдерге қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылғаны туралы хабарлама келген. Марқұм болған зілтеміршінің анасы ұлы бірге жаттыққан Олимпиаданың қола жүлдегерлері куәлік бергенін айтты. Әйел полицияға қайта арыз жазбақ ниетте.

«Альберттің бапкері Сергей Седов ұлым қайтыс болғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Ол баламның төрт допинг сынамасының нәтижесі таза, ал соңғы бесіншісі таза емес болып шыққанын айтты. Онда допинг компаниясы келіп банкаларды ұсынып, құжаттар толтыратынын айтқан. Содан кейін біз Альберттің 29 допинг тексеруден өткенін және олардың барлығы таза болғанын білдік. Осы факт бойынша мен арыз жазып барлық құжатты полицияға бергенмін», – деді ол.

Еске салайық, Ауыр атлетика федерациясы спортшы қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Альберт Линдер 25 жаста, Талдықорған қаласының тумасы. Ол жастар чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика