spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
6.2 C
Kokshetau

«Жиіркенішті іс»: Дана Есеева балаларын ұратын аналарға үндеу тастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Дана Есеева балаларын ұратын аналарға үндеу тастады. Көпбалалы блогер мұны «жиіркенішті іске» теңеп, балалардың жанын жараламауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біржола миымызға құйып алайықшы: Баланы ұру өте жиіркенішті іс!» – деп мәлімдеген Дана бұл әдеттен қалай арылуға болатынын да айтты.

«Балаға дауыс немесе қол көтергіңіз келгенде оның кінәсіз екенін еске түсіріңіз. Сол сәтте сіз шын мәнінде, күйеуіңізге, енеңізге, құрбыңызға немесе көңіліңізді түсірген басқа адамға ашуланып тұруыңыз мүмкін. Бірақ балаға емес.
Қызбаланып бара жатсаңыз, жуынатын бөлмеге барып, агрессияны сыртқа шығарыңыз. Жастыққа айқайлап алсаңыз, тіпті ұрсаңыз болады! Тек баланы емес.

Көбінесе аналар балаларына былғанған киім мен сынып қалған заттар үшін ұрсады. Бірақ оның бәрі баланың жанын жаралауға тұрмайды. Өзіңізді басқаруды үйреніңіз. Балаға сізден махаббат пен мейірім керек. Анасы айдаһарға айналып кетсе, бала қандай жарқын болашаққа сенсін?» – деп жазды ол желідегі парақшасында.


Жуырда Дана жұбайы Мейіржанмен бірге қажылыққа барып келді. Блогердің бұл әрекетіне қарап кей оқырмандар оны хиджаб киеді деп байлам жасаған.

«Мен енді үнемі хиджаб киемін деп айттым ба, әлде жаздым ба? Медина әуежайында шариғат заңына сай киім ауыстырғанымды жаздым. Өйткені ол жақтың заңы солай. Басқаша жүре алмайсың. Неге мен үшін шешім қабылдайсыз? Адамның руханияты тек орамалмен өлшене ме?» – деп ашуланды блогер сұрақ қойған оқырманына.

Айта кетейік, бұған дейін Instagram оқырмандары ажырасқан Мөлдір Әуелбековаға орамалын шешуге кеңес берген еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img