spot_img
Жексенбі, Мамыр 12, 2024
16.2 C
Kokshetau

Оралда төбелесті тоқтатпақ болған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ...оқыңыз

33 жастағы ер адам жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған,деп хабарлайды  sputnik.kz.

Oралда 33 жастағы азамат қала ортасындағы топтық төбелесті аңшы мылтығымен тоқтатты. Ол жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады КТК.

Алайда төбелесті тарқатам деген қару иесі енді қылмыстық жауапкершіліктен оңай құтылмайтын сыңайлы. Қақтығыс қала ортасындағы дәмхана алдында болған. Екі тарап алдымен сөзге келіп, кейін жаға жыртысқан. Сәлден соң мылтық кезенген азамат оқ атқанда, топтасқандар тым-тырақай жан-жаққа қаша жөнеліпті.

Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған. Олар қару кезенген жігітті сабасына түсірді.

Полицияның мәліметінше, аңшы мылтығы ресми тіркеуге алынған.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, осы іске қатысы бар адамдарды ұстады. Төбелеске қатысушылар бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды», – дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Лунара Аманғалиева.

1988 жылы туған азаматқа қатысты қалада оқ атқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img