spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
4 C
Kokshetau

Назарбаев Путиннің саясаткерлер арасында сирек кездесетін қасиетін атады

Сондай-ақ...оқыңыз

Елбасы Владимир Путинді Гитлермен салыстыратындарға қарсы пікір білдірді. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге мінездеме берді, деп хабарлайды sputnik.kz.

«Біріншіден, оның ұстанымы бар, екіншіден, сөзінде тұрады. Бұл саясаткер үшін сирек кездесетін қасиет. Егер ол уәде берсе, ал оны орындау тіпті ауыртпалық салса да, бәрібір орындайды. Сондай-ақ ол осы жылдар ішінде достарын сатпайтынын, достыққа адал екенін көрсетіп келеді. Оның шынайы патриоттық сезімі құрметке лайық», – деді Назарбаев «Қазақ. Алтын адамның тарихы» фильміне енген сұхбатында.

Сонымен қатар Қазақстанның экс-президенті Батыста Ресей басшысын сынаушыларға қарсы пікір білдірді.

«Батыста оны Гитлермен салыстыра суреттейтінін естіп жатамын, бұл – ойсыздық», – деді Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы Владимир Путинмен алғашқы кездесулерінің бірінде олардың арасындағы ұзақ және жемісті ынтымақтастықтың негізін қалаған әңгіме болғанын айтты.

«Біз оңаша сөйлестік, бұл арамыздағы толық сенімнің негізін қалады. Ал содан бері 20 жыл өтті, қарым-қатынасымыз тек дамып келеді, нашарлаған жоқ… Ол келгенде мүлдем тәжірибесіз еді, содан кейін бірте-бірте өсті, сондықтан мен оны адам ретінде де, саясаткер ретінде де бағалаймын және құрметтеймін», – деді Назарбаев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img