spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

КВИ қарсы вакциналар әлі де сынақтан өтіп жатыр және эксперименттік болып табылады – фейк

Сондай-ақ...оқыңыз
Telegram мессенджерінде қолданушылар барлық COVID-19 қарсы вакциналар әлі де клиникалық сынақтан өтіп жатқандығы туралы ақпаратпен бөлісуде, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл дұрыс емес. КВИ қарсы вакциналардың клиникалық сынақтары туралы ақпаратты интернеттен табуға болады.
Бүгінгі таңда әлем бойынша 23 вакцина мақұлданды, оның жетеуін ДДСҰ мақұлдады.
Бұл препараттардың барлығы клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өткен.
Мысалы, Қазақстанда қолданылатын «Спутник-V» вакцинасы 7 елде жалпы 22 сынақтан өтті. Бұл туралы есептер ашық түрде жарияланады. Pfizer-BioNTech вакцинасы 21 елде 41 сынақтан өтті.
Вакциналар тәжірибе деген тезис қате. Бұл мәлімдемені Reuters басылымының фактчекерлері жоққа шығарды. Олар материалда АҚШ пен Ұлыбританияда қолданылатын барлық вакциналардың пандемияның ауырлығына байланысты төтенше жағдайларда қолдануға рұқсаты бар екенін атап өтті.
Бұл ретте, қолданылу мерзімі белгіленбеген. Демек, иммундауға арналған препараттар әлі де клиникалық сынақтардан өтіп жатыр және оларды қолдану эксперимент болып табылады деген пікір жалған.
Коронавирусқа қарсы вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтармен расталған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img