spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облыстық кітапханасы 75 жылдығын атап өтуде

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құрылғанына 75 жыл толады. Осы оқиғаға орай «Тәуелсіз елдің заманауи кітапханасы» атты облыстық форум өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Іс-шараның қатысушылары мен қонақтарын қарсы ала отырып, мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мекеменің облыс кітапханаларын жаңғыртуға қосқан зор үлесін атап өтті.

«Тарихы 1919 жылы басталған облыстық кітапхана оқырмандар үшін көптеген жылдар бойы кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпақты тәрбиелейтін білім ордасына айналды. Мекеме кітапханаларды ақпараттандыру саласындағы өңірлік саясатты қалыптастыруға, өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Мекеме қызметкерлері өз тәжірибесін басқа кітапханалардағы әріптестеріне береді, консультациялық және практикалық көмек көрсетеді», – деді облыстық ведомствоның басшысы.

Мағжан Жұмабаев атындағы кітапхана қоры 360 мың құжаттан асатын облыстағы ең ірі ақпараттық-мәдени орталық болып табылады. Жыл сайын кітапхана оқырмандары 31 мыңнан астам нақты және виртуалды пайдаланушылар болып табылады, 320 мыңнан астам кірулер тіркеледі, оның ішінде кітапхананың веб-сайтына да, 300 мыңнан астам дана түрлі баспа басылымдары, электрондық ресурстар, аудиовизуалды құжаттар беріледі.

Форум барысында кітапхана ісінің ардагерлері, облыстық және аудандық кітапханалардың мамандары «Кітапхана ардагері», «Кітапхана үздігі» төсбелгілерімен, Ақмола облысы әкімінің, мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс – шарада «Үздік оқитын отбасы-2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Айта кетейік, облыстық әмбебап ғылыми кітапхана бірнеше рет «Рухани қазына»мәдениет және өнер мекемелері мен қызметкерлерінің республикалық байқауының жеңімпазы атанды. 2020 жылы кітапхана «Мемлекеттік кітапханалардың үздік сайты» номинациясында жеңімпаз болып танылса, 2021 жылы «Үздік инклюзивті жоба – 2021» номинациясында және «Мәдениет жанашыры»жеке номинациясында жеңімпаз атанды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img