spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
25.6 C
Kokshetau

Ақмолалық тұрғын ұрланған жылқыны үйінде жасырған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында үш жылқыны ұрлаған 47 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 3 желтоқсан күні таңғы сағат 06:40-та Астрахан ауданының кезекші бөліміне Петровка ауылының тұрғынынан арыз түсті.

Ер адамның сөзінше, 2 желтоқсан күні сағат 22:00-де белгісіз біреулер үй ауласында тұрған үш жылқыны ұрлап кеткен. Мал иесіне барлығы 950 мың теңге шығын келтірілген.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері «Гита» атты қызметтік иттің көмегімен күдіктіні анықтады. Ол Петровка ауылының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Баукеспе ұры ұрланған жылқының екеуін далаға жіберген, ал біреуін үйдің ішіне жасырған», – деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 3-бөлігі «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындарды табиғатты аялауға үндейтін тағылымды іс-шаралар өтті. Басты мақсат – қоршаған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика