spot_img
Жұма, Мамыр 10, 2024
12.2 C
Kokshetau

Алматыда жылу жүйесі жарылып, Рысқұлов даңғылы бойын бу басып қалды

Сондай-ақ...оқыңыз
Алматыда жылу жүйесінен ақау шығып, салдарынан Рысқұлов даңғылында кептеліс пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадры

Видео кадры

Оқиға 7 желтоқсанда таңғы уақытта Жетісу ауданында, дәлірек айтсақ, Рысқұлов-Жансүгіров жолайрығының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, қою түтін даңғылдың дәл ортасынан шығып, батысқа қарай кетіп жатыр. Жолды көру мүмкін емес болғандықтан полицейлер бұл бағыттағы жолды жауып тастаған. Көлік жүргізушілері бұрылып, артқа қайтуға мәжбүр.

Оқиға орнында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС бригадасы жұмыс істеп жатыр.

«Ыстық су беру жедел түрде қалпына келтірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», – делінген хабарламада.

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, жылу магистраліндегі ақауға байланысты Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылды. Шектеу жылу жүйесі жөнделгенге дейін күшінде.

«Жол қозғалысына қатысушыларды алдын ала бағытты түзеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», – деді қалалық полицияның баспасөз қызметі өкілі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img