spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 25, 2026
24.2 C
Kokshetau

Қазақстанда COVID-19 жұқтыру дерегі айтарлықтай азайды

Сондай-ақ...оқыңыз

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 6 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВАК хабарына қарағанда, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 545 адам тіркелді. Бір тәулік бұрынғы статистикада 632 адам жұқтырған еді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 976 327-ге жетті.

«Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 105, Алматы қаласында – 46, Шымкент қаласында – 4, Ақмола облысында – 65, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 14, Атырау облысында – 7, Шығыс Қазақстан облысында – 19, Жамбыл облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 5, Қарағанды облысында – 97, Қостанай облысында – 30, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 6, Павлодар облысында – 74, Солтүстік Қазақстан облысында – 60, Түркістан облысында – 4», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанда 1 165 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында – 131, Алматы қаласында – 68, Шымкент қаласында – 0, Ақмола облысында – 66, Ақтөбе облысында – 11, Алматы облысында – 19, Атырау облысында – 8, Шығыс Қазақстан облысында – 201, Жамбыл облысында – 15, Батыс Қазақстан облысында – 101, Қарағанды облысында – 148, Қостанай облысында – 211, Қызылорда облысында – 11, Маңғыстау облысында – 0, Павлодар облысында – 85, Солтүстік Қазақстан облысында – 80, Түркістан облысында – 10. Елімізде барлығы 943 241 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Вакциналауға келсек, 2021 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 795 168 адам, 2-компонентін 8 203 255 адам салдырды.

Сондай-ақ, ВАК өкілдері жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратты бөлісті.

2021 жылғы 06 желтоқсанда Pfizer вакцинасының ️ I дозасын 137 854 адам, ️ІІ дозасын 1 229 адам салдырды. Оның ішінде:

І компонентімен:

  • жасөспірімдер – 110 337,
  • жүкті әйелдер – 8 097,
  • бала емізетін әйелдер – 19 420.

ІІ компанентімен:

  • жасөспірімдер – 881,
  • жүкті әйелдер – 102,
  • бала емізетін әйелдер – 246.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика