spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
12.8 C
Kokshetau

Футболдан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өмірден озды

Сондай-ақ...оқыңыз

Футболдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Ярышев 79 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап. 

Виктор Петрович павлодарлық футбол командасында тәлім алған. 1960 жылы ҚазССР оқушылар құрамасының сапында ойын өткізіп, КСРО халықтары спартакиадасында қола медаль жеңіп алды. 1964 жылы әскерге шақыртылған ол Қарулы күштер командасына қосылып, чемпионатқа қатысты. Спортшы әскерден 1967 жылы қайтып келді. Отанға оралған соң павлодарлық «Трактордың» құрамында ойнады. Алайда ауыр жарақатына байланысты 1969 жылы мансабын тоқтатуға мәжбүр болды.

1970 жылдан бастап Виктор Ярышев балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істеді. 1990-жылдардың басында «Ертіс» командасында жаттықтырушы болып, команданы бірінші лигадан жоғарғы дивизионға алып шықты.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Белгілі футболшылар Сергей Тимофеев, Ойрат садуов, Евгений Белов, Геннадий Луб, Серік Абдуалиев, Олег Рылов, Андрей Кучерявых Виктор Петровичтің тәрбиесін көріп, қол астында жаттыққан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img