spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
2.9 C
Kokshetau

Ақмола облысында жаңа демалыс нысандары ашылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Степногорск қаласында тұрғындардың демалысының заманауи нысандары – спорт алаңы мен сквердің ашылуы өтті, деп хабарлайды «Aqmola News»  облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Нысандардың ашылу салтанатына қала әкімі Алпысбай Қайыржанов, қоғам өкілдері, спортшылар мен елді мекеннің шағын аудандарының тұрғындары қатысты.

Қала әкімі жиналғандарды осы жылдың айтулы оқиғасы – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

«Біздің қаламызда жаңа нысандар ел егемендігінің мерейтойлық жылында ашылуының символдық мәні бар. Биыл қала билігі жергілікті саябақтарды, скверлер мен аула алаңдарын барынша көркейтуге тырысты. Қаланың сәулеттік келбетін қалпына келтіруге және тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге үлкен қаражат пен күш жұмсалды», – деп атап өтті Алпысбай Қайыржанов.

Көпфункционалды алаң түрлі ойын аймақтары мен жастардың дене қабілеттерін дамытуға арналған street workout алаңын қамтиды.

Ашылған скверде жолдар асфальтталды, брусчаткадан тротуарлар төселді, жаңа орындықтар, урналар, шамдар қойылды, сондай-ақ балалар алаңы орнатылды.

«Біздің қаламызда осындай керемет нысандар ашылғанына өте қуаныштымыз, онда біз және балаларымыз уақытты пайдалы өткізе алады. Осы мүмкіндік үшін қала әкімшілігіне алғыс айтамыз. Осы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға ашық аспан, еліміздің одан әрі гүлденуіне тілектеспін», – деп бөлісті жергілікті тұрғын Меруерт Омарова.

Айта кетейік, мерейтойлық жылы Степногорскте 60-қа жуық индустрия және әлеуметтік сала нысандары ашылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img