spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
3.2 C
Kokshetau

Шымкентте сирек ауруға шалдыққан әйел дүниеге дені сау сәби әкелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Туғанынан Зареттаның екі қолының саусақтары дұрыс бітпей қалған. Оған қоса, «жетілмеген остеогенез» ауруы бар. Ондайда аяқтың сүйектері өте нәзік болады. Шымкент қаласында сирек кездесетін ауруға шалдыққан әйел дені сау баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды sputnik.kz.

29 жастағы Заретта Құрманғұжынова перзентханадан тұңғышымен бірге шықты. Туғанынан екі қолының саусақтары дұрыс бітпей қалған әйелге «жетілмеген остеогенез» диагнозы да қойылған. Соған қарамастан, ол дені сау нәресте босанды, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.

«Дәрігерлерге үлкен рахмет айтамын. Мен ұлыма жақсы тәрбие беру үшін барымды саламын. Бәрін істей аламын деп ойлаймын. Ұлыма мұсылманның атын беріп, Даниал деп қойдық», – дейді Заретта.

Айта кетері, генетиканың бұзылуы салдарынан адам «жетілмеген остеогенез» ауруына шалдығады. Ондайда сүйектер жиі сынады. Оған шалдыққан адамның көбісі бала кезінен бастап өздігімен жүре алмайды. Мүгедек арбасын қолдануға мәжбүр болады.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда, шамамен, 70 бала «жетілмеген остеогенез» ауруына шалдыққан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img