spot_img
Сенбі, Қыркүйек 12, 2026
22.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары домбырашылар флешмобын өткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда НЗМ оқушылары аталмыш іс-шарада  «Шаттық» ансамблі Құрманғазы, Әбдімомын Желдібаев күйлерін орындады,  деп хабарлайды» Aqmola News » ақпарат агенттігі НЗМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай еліміздің барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Youtube-каналында «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылардың флешмобын өткізді.

1 желтоқсан күні Көкшетау қаласында өткен іс-шарада  «шаттық» домбырашылар ансамблі Әбдімомын Желдібаевтың «Тепен көк», Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» және «Ерке сылқым» күйлерін орындады. Дәстүрге айналған домбырашылар флешмобына 25-тен астам домбырашы қатысты. «Бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан флешмоб, бір мезгілде республиканың барлық зияткерлік мектептерінде өтуде», – делінген ведомство хабарламасында.

 

Бірлескен жобаның басты мақсаты – мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, егемен елдің еркін ұрпақтарын өнерге баулу. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және қазақ халқының қасиетті домбырасын насихаттау.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында сотталғандарға мамандық алуға қалай көмектесіп жатыр

Бүгінде Ақмола облысында 800-ге жуық сотталған адам ресми түрде жұмыспен қамтылған. Өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 50-ден астам кәсіпкер өндіріс...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика