spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Көкшенің айбозы» атты Қажыбай Жахин туралы кітап жарыққа шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетауда дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» атты І республикалық байқаудың қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында Қажыбай Жахиннің өмірі мен шығармашылығы қамтылған «Көкшенің айбозы» атты  жаңа кітап көпшілікке таныстырылды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Баспасөз мәслихатына қатысқан байқаудың әділқазы мүшелері  дәстүрлі ән өнерінің аспанында еркін қалықтаған Қ.Жахиннің шығармашылығын насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

Көкше жерінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың мән-мағынасы ерекше. Қажыбай Жахин өзінің асқақ бейнесі мен ән орындаудағы асқан шеберлігі арқылы бүкіл қазақ даласын тербетті деуге болады. Сондықтан осы байқауды ұйымдастыру арқылы еліміздегі әр мектептің өкілдерін жинап, бір арнаға тоғыстыру. Сол арқылы тәжірбие алмасу, Ең бастысы қазақтың ән өнерін насихаттау, Жахин шығармашылығын дәріптеу,-дейді белгілі әнші ҚР мәдениет қайраткері Рамазан Стамғазиев.

Жиын барысында Қажыбай Жахиннің өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа кітап оқырманға жол тартты.

Облыс әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан шыққан кітаптің құрастырушысы – белгілі журналист Байқал Байәділов.

Жинаққа әншінің көзін көрген көкшетаулық әріптестері мен өнер өлкесіндегі танымал тұлғалардың естеліктері мен мақалалары, өлеңдері мен арнаулары топтастырылды. Қажыбай Жахин кешегі өткен арқаның сал серілері Ақан, Біржан, Үкілі Ыбырай, одан әрідегі Сегіз сері, Нияз сері, Жарылғап, Ғазиз ақын тәрізді ән өнерінің айырықша жұлдыздарының шығармаларын нәшіне келтіре орындап, көпшілікті сүйсінткен өнер иесі. Сол сері бабаларымыздың мол мұрасының іздеушісі де, жоқтаушысы да, келер ұрпаққа аманаттаушы да осы Қажыбай Жахин еді. Сонымен қатар кітапта оның таңғы шықтай мөлдіреген кісілік келбеті, адамгершілігі мен шынайы өмірінің шындығы да авторлардың айтарына арқау болады,-дейді Байқал Байәділов.

400 данамен басылып шыққан кітап республиканың әр аймағына таратылмақ.

Еске сала кетсек, Көкшетау мәдениет сарайында қарашаның 18-і күні 18-30-да Қажыбай Жахин атындағы
«Арқаның Айбозы » атты дәстүрлі ән орындаушылар арасындағы І республикалық байқаудың қорытындысына арналған гала концерт өтеді.

Бұл байқауға Қарағанды, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан әр аймақтың ән мектебінің өкілдері бақ сынасты.

Гала концертте байқау жеңімпаздары анықталып, жүлделі орындар тапсырылмақ. Байқаудың бас жүлдесіне автокөлік тігілген.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img