spot_img
Бейсенбі, Мамыр 7, 2026
21.2 C
Kokshetau

Зияткерлік байқаудан ақмолалық оқушылар күміс және қола медальдар ұтып алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты IV республикалық зияткерлік байқауы өтті. Ақмолалық оқушылар Алматы қаласында екі күміс және екі қола медалін ұтып алды, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Аталған зияткерлік додасы Қазақтың алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойларының аясында өткізілді.

Туған ел тарихына аса қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтауға, олардың шығармашылық қабілеттерін, қоғамдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Байқауға республика бойынша 84 оқушы қатысты,-делінген баспасөз хабарламасында.

Ақмола облысының құрамасын республикалық байқауда облыстық кезеңнің жеңімпаздары таныстырды:
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясына Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының оқушысы Кабдуллин Мадияр өз жобасын ұсынды.

«Кішкентай Отанымның символы» номинациясын Атбасар ауданы, № 2 жалпы орта білім беретін мектебінен Мұратов Нұржан , ал «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясында Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Қажымұқанова Фаризаның жұмысы ұсынылды.
«Менің туған өлкем» номинациясына Щучинск қаласы ІТ «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Сагателян Мариям қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Қабдуллин Мадияр, Кажмұканова Фариза – күміс медальмен, Мұратов Нұржан, Сагателян Мариям – қола медальмен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде инвесторлар құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды жүзеге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика