spot_img
Жексенбі, Наурыз 3, 2024
-8.5 C
Kokshetau

3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, қар жауып, көктайғақ болады, кей өңірлерде бұрқасын соғады.

Антициклон ықпалымен батыс пен солтүстікте күн райы ашық болады. Қалған өңірде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түседі, солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауады, шығыста түнде қалың қар жауады.

Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с болады, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының солтүстік-шығысында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және Ақтөбе облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда және Түркістан облыстарында екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін. Күндіз солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Павлодар облысында көктайғақ болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img