spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
3.8 C
Kokshetau

Ақмолада жүзден астам аң аулау ережесін бұзу фактілері анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада 13 күн ішінде табиғатты қорғау заңнамасын 180 бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 қазаннан 19 қарашаға дейінгі аралықта өңірдің полиция қызметкерлері табиғат заңнамасының бқзылуы және заңсыз аң аулау фактілерінің алдын алу мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу шараларын өткізуде.

Шара барысында жедел іздестіру топтары құрылып, олар табиғатты заңсыз қолдану әрекеттерін анықтауға кіріскен.

«Рейд шаралары кезінде табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері басқа ведомстволардың қызметкерлерімен бірге шолу жасап, әсіресе қорықтар мен табиғи парктердің аумағына баса мән берді. Жүргізілген шаралар нәтижесінде табиғат заңнамасының 180 заң бұзушылығы анықталды. Олардың ішінде Бурабай, Бұланды және Зеренді аудандарында үш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді полицияның баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ Біржан сал ауданында оқ-дәрілер мен қару-жарақты заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 116 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса тағы 34 әкімшілік материал балық аулау ережесін бұзғаны үшін толтырылған. Жүргізілген шара бойынша полицейлер аңшылық мылтықты тасымалдау ережесін бұзылуының 21 фактісін анықтап заңсыз ағаш кесу бойынша 7 әкімшілік хаттама толтырған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: « Бұл өнімдер Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img