spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
0.2 C
Kokshetau

Қазақстанда E-Salyq Business жаңа мобильді қосымшасы әзірленді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті E-Salyq Business жаңа мобильді қосымшасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, мобильді қосымша Қазақстандағы кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету үшін даярланды.

«Бұл тұрғыда жеке кәсіпкерді тіркеуден бастап, арнайы салық режимдерін таңдау, есеп-қисап пен кірістерді жүргізу тәрбіне қатысты барлық жұмысты жеңілдету мақсат етіп қойылды. Өздеріңіз білесіздер, бұл рәсімдер шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айтырлықтай қиындық туғызады. Аталған қосымшада барша қызмет қарастырылған. Сонымен қатар, қосымша касса аппаратының фунционалымен жетілдірілді. Касса түбіртектері базасында кәсіпкердің кірісі қалыптасады және осы табыстың базасында автоматты түрде салық декларациясы толтырылады», – деді Ж. Іңкәрбаев

Орталық коммуникациялар қызметінде. Оның сөзіне қарағанда, осы қосымшаны пайдаланатын кәсіпкерге мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімшелеріне барудың қажет жоқ. Барлық қызметтер автоматты түрде іске асырылады.

«Қосымша сервистер түрлі анықтамаларды беруді қарастырады. Кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер басқармасында алу тиіс қызметтердің барлығы осы қосымшада қамтылған. Салық органдары тарапынан қажет болғанда ескертпелер келіп түседі», – деді комитет өкілі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика