spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
15.6 C
Kokshetau

30 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер  30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

«Фронтальдық бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, елдің шығыс және оңтүстік аймақтары ғана жоғары қысым алқабының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, солтүстігінде бұрқасын болады, солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында желдің күшейеді, солтүстік-шығыста көктайғақ болады», – делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысында,  түнде шығыста 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, батыста екпіні 25 м/с дейін жел соғады, түнде оңтүстікте, шығыста, күндіз солтүстікте, батыста көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м / с күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады, түнде солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз батысында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м / с күшейіп, түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, орталығында, солтүстік-батысында тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Алматы, Түркістан облыстарының таулы аудандарында тұман, Алматы облысының тауларында көктайғақ болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img