spot_img
Жексенбі, Наурыз 3, 2024
-6.8 C
Kokshetau

Қорғалжында қызметтік ит ұрлықты ашуға көмектесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында қызметтік ит Дюна полицейлерге ұрлықты ашуға көмектесті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қорғалжын ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Қорғалжын ауылының 30 жастағы тұрғынынан белгісіз біреулердің оның қорасынан «FLAR» маркалы дәнекерлеу аппараты мен электр бұрғысының ұрлап кеткені туралы арызданған. Шығын сомасы 51 мың теңгені құрапты

«Оқиға орнына дереу аттанған жедел тергеу тобының құрамында аға сержант кинолог-инспекторы Әсет Ғаббасов пен Дюна деген қызметтік ит болған. Тексеру кезінде Дюна иісті сезіп ұры кеткен жақты нұсқады. Қорадан 15-20 метр шамасында криминалшы полицейлер аяқ киімнің ізі мен күдікті адамның саусақ іздері қалған құрылыс көбігі баллонын тапты. Ол осыған дейін сотталмаған 51 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сөйтіп қызметтік иттің иісті ажыратуының арқасында ұрлықтың ізі суымай ашылды. Ұрланған мүлік бірден иесіне қайтарылды. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабының 3 тармағына «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қызметтік ит Дюнаның көмегімен қорғалжындық полицейлер бұған дейін де 6 ұрлықты ашқанын атап өткен жөн. Полицияның аға сержанты Әсет Ғаббасов өзінің иті туралы ойларымен де бөлісті.

«Итпен бірге жұмыс істеген өте қызық. Олардың да адамдар сияқты өзінің мінезі бар. Сондықтан оған жақсы қарап үйлесімде жұмыс істеу керек. Күн сайын Дюнамен бірге практикалық сабақтар жүргіземін. Бұл өзінің жемісін де беріп келеді», – дейді ол.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img