spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Ақмолалық жас боксшылар республикалық турнирден жүлделі оралды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық жас боксшылар арасында өткен ел чемпионатында бір алтын, үш күміс және алты қола медальды қоржынға салды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасының 2002-2003 жылы туған жастар арасындағы ІХ республикалық турнир шеңберінде өткен ел чемпионаты Олимпиада ойындарының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналды.

«Ақмола облысының спортшылары түрлі деңгейдегі 10 марапатқа ие болды. 44 келі салмақ дәрежесінде Бахтияр Әскертаев чемпион атанса, 50 келіде Константин Сливин, 52 келіде Владислав Капылов, 60 келіде Владислав Первушин күмісті еншіледі. Қола жүлдені 44 келіде Аңсар Қабдешов, 48 келіде Расул Шоқаев, 48 келіде Павел Токарев, 54 келіде Пернебек Ернұр, 66 келіде Аңсар Базарбаев пен 70 келіде Данил Саттаров қанағат тұтты», – Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина..

Ақмола облысы құрамасының аға жаттықтырушысы Азамат Мағзұмовтың айтуынша чемпиондар мен жүлдегерлер 14-20 қарашада өтетін Қызылорда қаласындағы финалдық кезеңде өнер көрсетеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img