spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7 C
Kokshetau

Біржан сал ауданында із-түзсіз жоғалған әйел іздестіріліп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен Біржан сал ауданының тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

32 жастағы жұбайы Динара Рахимованың жоғалып кеткені туралы Біржан сал аудандық полиция бөліміне Үлгі ауылының 35 жасар тұрғыны  арызданған. Оның айтуынша үйінен 27 күні шығып кеткеннен бері еш хабар-ошар болмаған. Аталған факт «Адам жоғалуы» сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

«Хабарсыз жоғалған әйелді іздестіруге Біржан сал және Бурабай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен қосымша қауым да жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері иесіз қалған ғимараттар мен құрылыстарды қарап шықты. Бейнебақылау камераларындағы жазбалардан Динара Рахимованың «Степняк-Щучинск» бағытындағы трассаға Щучинск қаласына қарай шыққаны анықталды. Қазіргі уақытта жоғалған әйелді жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жоғалған адамның бойфы 165-170 сантиметр, толық денелі, шашы қара түсті ұзындығы орташа, көзі қара, мұрны тік, ерні жұқа келген.

Үйден шыққан кезде көк түсті ақ түймелері бар куртка, сұр түсті «R» деген жазуы бар ақ таспалы қара түсті рюкзак, қара түсті ақ түсті өкшесі бар кроссовка, қара түсті трико киген.

Полиция Динара Рахимова туралы қандай да бір ақпарат білген адамдар болса «102» телефонына немесе 8(71639) 2-10-02, 2-17-38, 2-15-33 телефондарына хабарласуды сұрайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img