spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
16 C
Kokshetau

Қазақстанда ғана өндірілген вакциналарды тегін егуді қарастырып жатырмыз – министр

Сондай-ақ...оқыңыз

Келер жылдан бастап Қазақстанда COVID-19-ға қарсы отандық вакциналар ғана егілуі мүмкін бе? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің пайымымыз бойынша, Қазақстанның өзге елдерге қарайламай, тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген өз вакцинасын шығара алатын мүмкіндігі бар болғандықтан, отандық екпені ғана кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алуға болады. Оның өзінде қалған вакциналар тұмау сияқты аурулардың екпесі секілді коммерциялық айналымға жіберіледі. Біз қазір өндіруші компанияларды нарыққа кіріп, қызметін ұсынуға үгіттеп жатырмыз», – деді министр.

Ведомство басшысы Қазақстанда тіркелген вакциналарды шектеу жоспарланбағанын айта келіп, бұл шетелдік вакцина түрлерін азаматтар өз қаражаты есебінен ғана қолданатынын түсіндірді.

«Яғни, Спутник V және QazVac вакцинасынан басқа екпелерді қосымша, ақылы негізде салдыруға болады. Қазір фармкомпаниялар бұл мәселені пысықтап жатыр», – деді Алексей Цой.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img