spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
14.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында үздік жас тарихшылар анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірде педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық зияткерлік байқауының кезеңі онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шара туған елдің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезімдерін дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін дамыту мақсатында өткізілді.

Білім басқармасының баспасөз қызметі атап өткендей, байқауға мектеп, аудандық, қалалық кезеңдерде іріктеуден өткен 13 ауданнан, Степногорск, Көкшетау қалаларынан және дарынды балаларға арналған 4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан 61 оқушы қатысты.

Конкурс екі турда және «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы», «Менің кіші Отанымның болашағы» және «Менің туған өлкем» номинациялары бойынша өткізілді. Қатысушыларды бағалау кезінде қазылар алқасы тақырыптың толық ашылуына, идеяның бірегейлігіне, көркемдік шеберлігіне, техникалық және сапалы орындалуына назар аударды.

«Мен үшін бұл ауданның тарихи ескерткіштерін зерттеудегі үлкен тәжірибе. Мен көптеген қызықты нәрселерді білдім. Осы байқауға қатысқаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Республикалық байқауда облыс намысын лайықты қорғауға дайынмын», – деп ойымен бөлісті Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы, «Кіші Отанымның символы» номинациясының жеңімпазы Нұржан Мұратов.

Айта кетейік, облыстық кезеңнің жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, қараша айында өтетін республикалық байқауға қатысады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика